Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы.
| Атасу өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 177 км |
| Су алабының ауданы | 5920 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қызылту, Ұзынжал (Өзенжал) тауларындағы бұлақтар |
| Сағасы | Сарысу өзені |
| • Координаттары | 48°30′27″ с. е. 70°57′47″ ш. б. / 48.50750° с. е. 70.96306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°30′27″ с. е. 70°57′47″ ш. б. / 48.50750° с. е. 70.96306° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы |
Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы аумағымен ағады. Ұзындығы 177 км, су жиналатын алабы 5920 км2.
Бастауы
Қызылту, Ұзынжал (Өзенжал) тауларындағы бұлақтардан бастау алып, Сарысуға құяды.
Гидрологиясы
Негізгі салалары: Былқылдақ, Қарақоға, Қарқымбай, Исабек Қарасуы, Боранбай. Қар суымен толысады. Жазда ағыны тоқтап, жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағыны мөлшері 0,66 м3/с Қаражал қаласының тұсында Атасуға Қылыш бөгені салынған.