| Көксала өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 152 км |
| Су алабының ауданы | 2270 км² |
| Су алабы | Балқаш |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Ақшатау сілеміндегі бұлақтар |
| • Координаттары | 48°22′42″ с. е. 79°19′55″ ш. б. / 48.37833° с. е. 79.33194° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Бақанас өзені |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Абай облысы Аягөз ауданы |
Көксала – Бақанас өзенінің бір саласы.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданының жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 152 км, су жиналатын алабы 2270 км2.
Бастауы
Бастауын Шыңғыстаудың Ақшатау сілеміндегі бұлақтардан алып, Әбдірейім қыстағы тұсында Бақанас өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Ірі салалары: Арсалан, Ақшатау. Наурыздың аяғында тасиды, жазда қарасуларға айналады. Жайылмасы – шабындық.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Балқаш су алабы
- Аягөз ауданы өзендері