Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Үлгі:Infobox Mozilla Firefox ([moʊˈzɪlə ˈfaɪɹfɑks] / [moʊˈzɪlə ˈfaɪəfɒks]) — еркін таратылатын веб шолғыш. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011

Mozilla Firefox

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Mozilla Firefox ([moʊˈzɪlə ˈfaɪɹfɑks] / [moʊˈzɪlə ˈfaɪəfɒks]) — еркін таратылатын веб шолғыш. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады. Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған.Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар. 2 000-нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Firefox мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.

Mozilla Firefox ресми түрде Microsoft Windows, Mac OS X және Linux операциялық жүйелеріне шығады.

Компания

Mozilla - бағдарламалық қамтама өндіретін дәстүрлі компания емес. Дүниенің әр түпкіріндегі пайдаланушының Интернеттегі тіршілігін жақсартуға бағытталған тегін әрі ашық кодты бағдарламалық қамтама мен технологияларды жасап шығаруды өз алдына мақсат еткен әлемдік қауымдастық. Программистер, маркетологтар, тестерлер мен заңгерлер Вебтың ашық әрі бәріне ортақ ресурс болып қала беруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Марапаттарға ие болған ашық кодты бағдарламалық өнімдер бен технологиялар әркімге тегін әрі 70 астам тілде ұсынылады.

Mozilla басшылығы Маунтин-Вью, Калифорнияда, ал аймақтық офистері Окленд, Пекин, Копенгаген, Париж, Токио мен Торонтода орналасқан.

Мүмкіндіктері

Firefox браузері барлық мүмкіндіктерді стандартты версияда қолданудың орнына, өз пайдаланушыларына өзіне қажетті мүмкіндіктерді кенейтулер арқылы кірістіре алады.

Мысалға ең танымал кенейтулердің бірін алайық - бұл AdBlock, ол [[интернет-сайт|интернет-сайттардағы жарнаманы қамалдап, өз қолданушысына көрсетпей қояды. Тағы Mozilla Firefox браузеріне сыртқы түрін өзгертетін қосымшаларды кірістіруге болады. Соның бәрі оны ең икемді браузерлардың бірі болып көрсетеді.

Жоғары