Алматы округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
| Округ | |
| Алматы округі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қазақ АСКР |
| Әкімшілік орталығы | Алматы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 17 қаңтар 1928 жылы |
| Таратылған уақыты | 17 желтоқсан 1930 жылы |
| Жер аумағы | 280 000 км² |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 824 200 адам |
Алматы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Алматы қаласы болды. Округ 21 ауданға бөлінді:
- Алтынемел ауданы. Орталығы — Көлқамыс ауылы.
- Алакөл ауданы. Орталығы — Андреевское ауылы.
- Балқаш ауданы. Орталығы — Қараөзек ауылы.
- Бәрібаев ауданы. Орталығы — Басқан ауылы.
- Бүйен-Ақсу ауданы. Орталығы — Ақсу ауылы.
- Герасимов ауданы. Орталығы — Герасимовское ауылы.
- Жаркент ауданы. Орталығы — Жаркент қаласы.
- Іле ауданы. Орталығы — Сандықтай ауылы.
- Қаратал ауданы. Орталығы — Қарашеңгел мекені.
- Қарқара ауданы.
- Қастек ауданы. Орталығы — Тарғап ауылы.
- Қоңырөлең ауданы. Орталығы — Желбастау мекені.
- Қордай ауданы. Орталығы — Қасық ауылы.
- Ленин ауданы. Орталығы — Алматы қаласы.
- Сарқан ауданы. Орталығы — Сарқан бекеті.
- Сүгеті ауданы. Орталығы — Қызыл Еңбекшіқазақ ауылы.
- Талғар ауданы. Орталығы — Есік бекеті.
- Талдықорған ауданы. Орталығы — Талдықорған қаласы.
- Шелек ауданы. Орталығы — Шелек ауылы.
- Шоқпар ауданы. Орталығы — Көктөбе ауылы.
- Шу ауданы. Орталығы — Георгиевское ауылы.
1928 жылы 17 шілдеде Ленин ауданының атауын Калинин ауданы етіп, Герасимовтікін - орталығы Андреевское ауылы болған Андреев ауданы, Қоңырөлең - Октябрь ауданы, Іле - орталығы Безводное ауылы болатын Қарғалы ауданы етіп өзгертілді.
1929 жылы 1 мамырда Талғар ауданының атауы Есік ауданы етіп өзгертілді. 1929 жылдың аяғында тағы 2 аудан атауы: Алтынемел - Малайсары ауданы, Сүгеті - Еңбекшіқазақ ауданы етіп өзгертілді.
Округқа кірді:
- елді мекендер - 14559, оның ішінде 2 қала - Алматы және Жаркент;
- 24,2 мың тұрғын, оның 7,3% -ы қала тұрғындары;
- 33 өнеркәсіп кәсіпорны (1928 жыл аяғында).
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтері сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.