Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Арда Гүлер (түр. Arda Güler; 25 ақпан 2005, Анкара) — түрік футболшысы, испаниялық «Реал Мадрид» клубы мен Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы. Чемпиондар ли

Арда Гүлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Арда Гүлер Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

25 ақпан 2005 (2005-02-25)(21 жас)

Туған жері

Анкара, Түркия

Азаматтығы

 Түркия

Бойы

176 см

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

24

Жастар клубы
2014—2019 Түркия Генчлербірлігі
2019—2021 Түркия Фенербахче
Клуб карьерасы
2021—2023 Түркия Фенербахче 32 (7)
2023— Испания Реал Мадрид 38 (9)
Ұлттық құрамы
2021—2022 Түркия Түркия U17 10 (4)
2022—  Түркия 21 (5)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналадысоңғы рет жаңартылды: 2025 ж. сәуірдің 24.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар санысоңғы рет жаңартылды: 6 шілде 2024.
Арда Гүлер Ортаққорда

Арда Гүлер (түр. Arda Güler; 25 ақпан 2005, Анкара) — түрік футболшысы, испаниялық «Реал Мадрид» клубы мен Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы. Чемпиондар лигасын жеңген алғашқы түркиялық футболшы.

Клубтық мансабы

Карьера бастамасы

Мансабын 2014 жылы жергілікті «Генчлербірлігі» клубының академиясында бастады. 2019 жылы ыстанбұлдық Фенербахче академиясына қосылды. 2021 жылдың 13 қаңтарында клубпен алғашқы кәсіби келісімшартқа отырды. 19 тамызда Фенербахче сапындағы алғашқы ойнын Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің іріктеу раундында ХИК клубына қарсы өткізді. Үш күннен кейін Түркия суперлигасында Антальяспорға қарсы матчта дебют жасап, нәтижелі пас берді. Ол Түркия суперлигасында пас берген ең жас ойыншы атанды (16 жас 178 күн). 2022 жылдың 13 наурызында «Фенербахче» сапындағы алғашқы голын Түркия суперлигасының Антальяспорға қарсы матчында соқты.

2023 жылы Милан, Наполи, ПСЖ, Аякс, Барселона және Реал Мадрид, сонымен қатар бірнеше ағылшын клубтары ойыншыға қызығушылық танытты.

Арда Гүлер «Фенербахче» сапында (2023)

Реал Мадрид

Реал Мадридпен келісімшартқа отыруы және алғашқы маусымы (2023–2024)

2023 жылдың 6 шілдесінде Испанияның Реал Мадрид клубы Арда Гүлермен 2029 жылдың маусымына дейін алты жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады. Реал Мадридке көшпес бұрын Арда Гүлер Барселона ұсынысынан бас тартты. Трансфер құны 20 миллион еуроны құрады, тағы 10 миллион еуро бонус түрінде берілді.

Арда Гүлер маусым алдында жарақат алып қалды, қалпына келуіне шамамен 60 күн қажет болды; күзде жамбасын ауыртып алды, тағы бір ай ойнамауға мәжбүр болды. Ол клуб сапындағы дебютін 2024 жылы 6 қаңтарда Испания кубогының 1/16 финалында Арандинаға қарсы өткізді. Алғаш рет 27 қаңтарда Испания чемпионатында Лас-Пальмасқа қарсы ойында 81 минутта қосалқы құрамда ойнады. 2024 жылдың 10 наурызында «Сельтаға» қарсы ойында «Реал Мадрид» сапындағы алғашқы голын соқты. Келесі гол 26 сәуірде Реал Сосьедадқа қарсы өткен чемпионат матчында соғылды. Сол кезде ол алғаш рет негізгі құрамда көрінді. 14 мамырда «Алавесті» (5:0) жеңуге қатысып, гол соқты. 19 мамырда ол «Вильярреалға» қарсы гол соғып, матч 4:4 есебімен аяқталды. Маусым соңында «Реал Мадрид» құрамында Испания чемпионы атанды.

2024 жылдың көктемінде Арда Гүлерді арендаға жіберетіні туралы ақпарат пайда бола бастады, бірақ бұл жоққа шығарылды.

Ол 2023/24 жылғы Чемпиондар Лигасының финалында Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы ойында алаңға шыққан жоқ. «Реал Мадрид» қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, кубокты иеленді.

Ұлттық құрамадағы мансап

2021 жылы Түркияның 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында дебют жасады.

2022 жылғы 19 қарашада Чехияға қарсы жолдастық кездесуде Түркия сапындағы алғашқы ойнын өткізді. 2023 жылдың 19 маусымында Еуро 2024 іріктеу турнирінде Уэльске қарсы матчта 23 метр қашықтықтан бірінші голын салды.

Ал екінші голын 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Грузияға қарсы ойында алыстан қақпаға дәл бағыттап соқты.

Ойнау стилі

Арда Гүлер «Фенербахчеде» болашағынан үміт күттіретін жартылай қорғаушы болды. Ол қапталдан қозғалып, тереңнен шабуылдар жасай алды. Сондай-ақ голды алыстан салатын қабілеті бар.

2023 жылы 11 маусымда өткен Түркия кубогының финалында 8 гол соғатын мүмкіндік жасап, матчтың 2 минутында Миши Батшуайиге нәтижелі пас берді. «Фенербахче» «Ыстанбұл Башахшехирді» 2:0 есебімен жеңіп, соңғы 10 жылда алғаш рет кубокқа ие болды.

Жетістіктері

Фенербахче
  • Түркия кубогының иегері: 2022/23
Реал Мадрид
  • Испания чемпионы: 2023/24
  • Испания суперкубогының иегері: 2023/24
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2023/24

Статистикасы

Клубтық

2024 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша

Клуб, маусым және жарыс бойынша ойын саны мен голдары
Клуб Маусым Лига Ұлттық кубок Құрлықтық Басқа Барлығы
ЛигаОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГол
Фенербахче 2021–22 Супер Лига 123004000163
2022–23 Супер Лига 2045110100356
Барлығы 3275114100519
Реал Мадрид 2023–24 Ла Лига 106100010126
Жалпы мансабында 421361141106315

Ұлттық құрамада

2024 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша

Жылдар бойынша ұлттық құрамадағы голдары
Ұлттық құрамаЖылОйынГол
 Түркия 202210
202331
202471
Барлығы122
Ойны бағанында Арда Гүлер қаншасыншы матчында голын соққаны көрсетілген, ал голы мен нәтижеде Түркия нәтижесі бірінші тұр.
Арда Гүлер ұлттық құрамада соққан голдардың тізімі
Реті Күні Өткен орны Ойны Қарсылас Голы Нәтиже Жарыс
119 маусым 2023Самсун стадионы, Самсун, Түркия4 Уэльс2–02–0Еуро 2024 (іріктеу)
218 маусым 2024Сигнал Идуна Парк, Дортмунд, Германия8 Грузия2–13–1Еуро 2024

Сілтемелер

  • Профилі «Реал Мадрид» ФК ресми сайтында (ағыл.)
Жоғары