Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ертіс ауданы — Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейі

Ертіс ауданы

  • Басты бет
  • Ертіс ауданы

Ертіс ауданы — Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейін тоғыз ауданымен қоса Ертіс ауданы да құрылған. Ауданы 10,2 мың ш. км.

Қазақстан ауданы
Ертіс ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Ертіс

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

27

Әкімі

Нығман Жүсіпов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, №118

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°15′36″ с. е. 74°39′36″ ш. б. / 53.26000° с. е. 74.66000° ш. б. / 53.26000; 74.66000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°15′36″ с. е. 74°39′36″ ш. б. / 53.26000° с. е. 74.66000° ш. б. / 53.26000; 74.66000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938 жыл

Жер аумағы

10,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 007 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (54,87 %)
орыстар (27,42 %)
украиндар (7,17 %)
немістер (4,75 %)
беларустар (1,22 %)
татарлар (0,99 %)
молдовандар (0,83 %)
басқалары (2,75 %)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140500-140517

Автомобиль коды

14

Ертіс ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ертіс ауданы

Мазмұны

Физикалық–географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Аудан солтүстікте Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығыста облыстың Железин, Тереңкөл аудандарымен, оңтүстікте Ақтоғай ауданымен, батыста Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданымен шектеседі.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды. Көктем мен күз тұрақты емес, жылыдан суыққа ауысып отыратын температурада қысқа болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы −18ºС-қа, шілденің - +20ºС-қа тең. Жауын-шашын көбінесе жазда болады. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250—300 мм. Қар жамылғысының орташа биіктігі қыс соңында 25 см-ге жетеді. Жыл бойы жиі желдер болып тұрады; бұлттылық пен ауа ылғалдылығы басым емес.

Жер бедері мен гидрографиясы

Аудан аумағы Ертіс жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жағалары жыраларға тілімденген көптеген көлдер бар (Қызылқақ, Сілетітеңіз, Тобылғысор және басқалар). Көлдердің көбі ұсақ түрде келетін асқа жарамды тұзы бар көлдер болып келеді. Топырағы қара, сортаң, сонымен қатар сұр, сұрғылт – сары реңктегі құм, супес пен балшық түрінде де келеді. Ауданда Ертіс өзені алқабында орналасқан шығанақты шалғындар бар. Пайдалы қазбалардың ішінде алебастр кезедеседі.

Флора және фауна

Аудан аумағында бетеге, жусан, терек, үйеңкі, шеңгел, мойыл, итмұрын кездеседі. Қасқыр]], түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр, елік секілді аңдар мекендайді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 23523 ▲43044 ▲47590 ▼45053 ▼41723 ▼33129 ▼20853 ▼17379

Этникалық құрамы

Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар — 11 326 адам (58,2 %)
  • орыстар — 4 742 адам (24,37 %)
  • украиндер — 1 528 адам (7,85 %)
  • немістер — 849 адам (4,36 %)
  • татарлар — 197 адам (1,01 %)
  • беларустар — 232 адам (1,19 %)
  • басқалары — 585 адам (3 %)
  • Барлығы — 19 459 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

2012 жылы халық саны — 19,459 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км² 1,9 адамнан келді.

Әкімшілік бөлінісі

27 елді мекен 11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 985 ▼760 77,2 503 ▼394 78,3 482 ▼366 75,9
Ағашорын ауылдық округі 1525 ▼1124 73,7 745 ▼591 79,3 780 ▼533 68,3
Амангелді ауылдық округі 930 ▼623 67 474 ▼329 69,4 456 ▼294 64,5
Байзақов ауылдық округі 1672 ▼1143 68,4 839 ▼592 70,6 833 ▼551 66,1
Ертіс ауылдық округі 7772 ▲8070 103,8 3686 ▲3925 106,5 4086 ▲4145 101,4
Қарақұдық ауылдық округі 790 ▼518 65,6 370 ▼263 71,1 420 ▼255 60,7
Қоскөл ауылдық округі 960 ▼685 71,4 493 ▼361 73,2 467 ▼324 69,4
Қызылжар ауылдық округі 1580 ▼1381 87,4 747 ▼666 89,2 833 ▼715 85,8
Майқоңыр ауылдық әкімдігі 612 ▼342 55,9 320 ▼188 58,8 292 ▼154 52,7
Панфилов ауылдық округі 1988 ▼1118 56,2 988 ▼578 58,5 1000 ▼540 54
Северный ауылдық округі 1334 ▼929 69,6 694 ▼487 70,2 640 ▼442 69,1
Сілеті ауылдық округі 705 ▼686 97,3 351 ▲367 104,6 354 ▼319 90,1
ЖАЛПЫ САНЫ 20853 ▼17379 83,3 10210 ▼8741 85,6 10643 ▼8638 81,2

Экономика

Павлодар қаласымен көлік байланысы су жолы арқылы іске асады, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен негізгі байланыс түрі – автомобильді көлік.

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы, сүтті мал шаруашылығы. Тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда өндірілетін негізгі өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің түрлері: бидай дақылдарын өсіру, сүт және ет өндіру. МАЖС, АЖС саны — 11 Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің саны: Ауыл шаруашылық – 26 Шаруа қожалықтары – 434

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

2012 жылғы оқу жылының басында 4140 оқушысы бар 31 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері, 269 оқушысы бар 1 кәсіби-техникалық мектеп қызмет етті.

Денсаулық сақтау

Емдейтін мекемелер саны-35, оның ішінде аурухана, поликлиника, туберкулезге қарсы аурухана.

Мәдениет

Клубтар саны - 22, кітапханалар саны - 19, музей - 1. Екі аудандық газеттер бар, олардың біреуі мемлекеттік тілдегі «Ертіс нұры», екіншісі - орыс тілдегі «Иртыш».

Белгілі адамдар

  1. Иса Байзақов – ақын, әнші-композитор.
  2. Каржасов, Қабдыл-Ғалым Насырұлы – суретші, кескіндемеші
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Мединелік сүре

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен аңғары

  • Наурыз 27, 2026

    Тасмола мәдениеті

  • Сәуір 05, 2026

    Ресей рублі

  • Сәуір 02, 2026

    Етістіктің түрлері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары