| Жюль Кунде | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Жюль Оливье Кунде | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 12 қараша 1998 (27 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Париж, Франция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 178 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 70 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | орталық қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жюль Кунде Ортаққорда | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жюль Оливье Кунде (фр. Jules Olivier Koundé; 1998 жылы 12 қарашада туған, Париж, Франция) — француздық футболшы, испаниялық "Барселона" клубы мен Франция құрамасының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық

Бордо клубының түлегі. 2019 жылға дейін осы клубтың намысын қорғады. 2018 жылы 7 қаңтарда "Гранвильяға" қарсы Франция кубогында тұңғыш рет клуб сапында ресми кездесуде алаңға шықты. 2018/19 маусымда Франция чемпионатында 37 кездесуде алаңға шықты.
2019 жылы жазда "Севильяға" ауысты. 2019 жылы 3 шілдеде ол Испанияның Севилья клубына ауысты. Бордо клубына төленген трансфер сомасы 25 миллион еуро деп хабарланды. Севильядағы алғашқы маусымында ол клубқа УЕФА Еуропа лигасы 2019/20 алтыншы рет жеңіп алуға көмектесіп, турнирдің маусым құрамасына енді.
2022 жылы Барселона сапына қосылды. Трансфер құны 50 млн еуроны құрады. Клубпен 2027 жылға дейін келісімшарт жасасты.
Ұлттық құрамада
2021 жылы 2 маусымда Уэльс командасына қарсы жолдастық матчта Францияның негізгі құрамасында дебют жасады.
2021 жылы 10 қазанда Кунде Франция құрамасының Испанияны 2021 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының финалында 2:1 есебімен жеңген матчында негізгі құрамда ойнап, бүкіл ойынды өткізді.
Жюль Кунде 2022 жылғы ФИФА Әлем біріншілігінде Франция құрамасының мүшесі болды. Ол команданың жеті матчының бесеуінде оң жақ қорғаушы позициясында негізгі құрамда ойнады, ал Франция турнирде Аргентинаға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
2024 жылдың мамыр айында Кунде Франция құрамасының УЕФА Еуро-2024 турниріне қатысатын ойыншылар тізіміне енді. Турнирде ол Франция құрамасының барлық алты ойынында оң жақ қорғаушы ретінде негізгі құрамда ойнап, 1/8 финалда Бельгияны 1:0 есебімен жеңген ойында үздік ойыншы атанды.
Жетістіктері
- Севилья
- УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы: 2019/20
- Барселона
- Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25
- Испания кубогының жеңімпазы: 2024/25
- Испания суперкубогының жеңімпазы: 2023, 2025
Франция
- УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2020/21
- Футболдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2022
Сілтемелер
- Профилі — footballdatabase.eu (фран.)
| ||||||
| ||||||
- 12 қарашада туғандар
- 1998 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Парижде туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Франция футболшылары
- Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Бордо ФК ойыншылары
- Севилья ФК ойыншылары
- Барселона ФК ойыншылары