Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

47°28′20″ с. е. 84°52′29″ ш. б. / 47.47222° с. е. 84.87472° ш. б. / 47.47222; 84.87472 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°28′20″ с. е. 84°52′29″ ш. б. / 47.47222° с. е

Зайсан (қала)

  • Басты бет
  • Зайсан (қала)

Зайсан — Шығыс Қазақстан облысындағы қала, Зайсан ауданының орталығы.

Қала
Зайсан
Әкімшілігі
Ел

 ҚазақстанҚазақстан

Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Ауданы

Зайсан ауданы

Қалалық әкімдігі

Зайсан қалалық әкімдігі

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°28′20″ с. е. 84°52′29″ ш. б. / 47.47222° с. е. 84.87472° ш. б. / 47.47222; 84.87472 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°28′20″ с. е. 84°52′29″ ш. б. / 47.47222° с. е. 84.87472° ш. б. / 47.47222; 84.87472 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1868

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

18 514 адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Зайсан картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Зайсан картада
Зайсан
Зайсан
Зайсан картада
Зайсан
Зайсан
Зайсан шекарасы
Map
 Басқа мағыналар үшін Зайсан деген бетті қараңыз.
Адольф-Николай Боярский. Зайсан бекеті. 1875 жыл.

Мазмұны

Географиялық орны

Облыс орталығы - Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 470 км-дей жерде, Сауыр жотасының солтүстік-батыс етегінде, Зайсан көліне құятын Үйдене өзенінің оң жағалауындағы орманды-далалы белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Жаңғызтөбе (378 км).

Климаты

Зайсанның ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C 13,7 9,7 24,3 33,0 34,7 38,0 42,0 40,6 37,8 32,8 17,4 11,2 42,0
Орташа максимум, °C −11,4 −8,6 −0,6 14,2 22,1 26,9 28,9 27,9 21,9 13,2 0,5 −8,5 10,5
Орташа температура, °C −15,8 −13,5 −5,5 8,4 16,5 21,5 23,7 22,5 16,2 7,8 −3,9 −12,7 5,4
Орташа минимум, °C −20,1 −18,4 −10,3 2,6 10,8 16,0 18,4 17,0 10,5 2,4 −8,2 −16,9 0,3
Абсолюттық минимум, °C −37,4 −36,3 −29,3 −14,5 −2 0,8 9,5 5,9 −2,3 −17,8 −37,9 −39,4 −39,4
Жауын-шашын нормасы, мм 12,8 11,7 15,8 25,9 45,5 31,5 49,8 25,3 30,9 30,8 28,7 15,9 324,6
Дерекнама: Зайсан - климаты

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
16000 ▼14416 ▲18430 127,8 6922 ▲9012 130,2 7494 ▲9418 125,7

Тарихы

Сауыр тауларының етегінде орналасқан шағын сайлар бойымен ағып, Зайсан қазаншұңқырына құятын көптеген өзендердің бірі Жеменей деп аталады. 1830-1840 жылдары Жеменей өзенінің жоғарғы ағысында, қалың ормандардың арасында Зайсан қаласының алғашқы іргетасы қаланған. Бұрын қала «Джеменейка» деп аталған. Шамамен 1830 жылдары географ және геодезист Маяковский осы жерлерге келіп, Ертістің шығыс жағында бекініс салу үшін ыңғайлы және қауіпсіз орын іздеген.

«Жеменейка» кеңейіп, ірі елді мекенге айналды. 1860 жылдан бастап қаланың тұрғындарының өмірі Зайсан көлі мен Ертіс өзенімен тығыз байланысты болды. Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен және басқа да қалалардан көптеген саяхатшылар бұл жерді «Зайсан» деп атай бастады.

1870-1880 жылдары қалада 2663 орыс және 122 қазақ тұрған, ал 1900-жылдары қазақтардың саны 4 мыңға жеткен. Халық егіншілік, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналыса бастады.

Округтік органдар губерниялық болып өзгертілді, 1857 жылы уездер құрылған кезде Зайсан уезі құрылды, ал Зайсан посты уездің әкімшілік-саяси орталығына айналды. Қалада уездік басқарма, кеден, қазынашылық, пошта-телеграф және жеке қосалқы шаруашылықтар орналасты. 1880 жылы Семеймен байланыстыратын телеграф желісі тартылды.

Іргесі 1868 жылы Ресей мен Қытай елдері арасындағы шекараны межелеу кезінде қаланды. Кейін уездік қалаға айналды. Зайсан тарихтан Шәуешек (Қытай жерінде) пен Семейді қосатын керуен жолындағы Жеменей қонысы есебінде де белгілі. Қазан төңкерісіне дейін (1917) қалада 2 мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт, 2 мешіт болды. 1941 жылдан аудан орталығы.

Кәсіпорындары

Қазіргі кезде (2000) Зайсанда 5 өнеркәсіп орны, акционерлікерлік қоғамдар (6), серіктестіктер (21) мен шаруа қожалықтары (24) жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Колледж, 6 мектеп, 2 балабақша, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық кітапхана, аурухана, туберкулез және психикалық-невралогиялық диспансерлер, дәрігерлік кеңес беретін пункттер бар. Тұрғындары облыс орталығы – Өскемен және Семей қалаларымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  3. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Нүктелі үтір

  • Наурыз 13, 2026

    Аңырақай шайқасы

  • Сәуір 03, 2026

    Темір жол

  • Сәуір 09, 2026

    Таман хан

  • Наурыз 11, 2026

    Жеті жарғы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары