| Клеман Лангле | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 17 маусым 1995 (31 жас) | |||||||||||||||||||||
| Туған жері | Бове, Франция | |||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||
| Бойы | 186 см | |||||||||||||||||||||
| Салмағы | 81 кг | |||||||||||||||||||||
| Позиция | орталық қорғаушы | |||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||
| Клуб | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Клеман Николя Лоран Лангле (фр. Clément Nicolas Laurent Lenglet; 17 маусым 1995 жыл, Бове, Франция) — франциялық футболшы, "Барселона" клубы мен Франция құрамасының қорғаушысы. Қазіргі уақытта "Тоттенхэм Хотспур" клубында жалға ойнайды.
Карьерасы
"Нанси" клубының түлегі. 2013-16 жылдары осы клуб сапында Франция чемпионатында 77 рет алаңға шықты. 2013/14 жылғы маусымда клуб 1 лигаға жолдама алды да, Лангле элитадағы тұңғыш ойынын 14 тамызда "Лионға" қарсы өткізді.
2017 жылы қаңтарда "Севильяға" ауысты. Трансфер құны 6 млн еуроны құрады. 29 қаңтарда "Эспаньолға" қарсы ойында Испания чемпионатындағы тұңғыш ойынын өткізді.
2018 жылы жазда "Барселонамен" келісімшартқа қол қойды, трансфер құны 35,9 млн еуроны құрады. 2 қыркүйекте "Уэска" клубына қарсы тұңғыш рет "Барселона" сапында алаңға шықты.
Францияның барлық жастағы құрамаларында ойнады.
2019 жылдан бастап Франция Ұлттық құрамасына шақырыла бастады.
Жетістіктері
Командалық
- «Барселона»
- Испания чемпионы: 2018/19
- Испания суперкубогы: 2018
- Испания кубогы: 2020/21
Сілтемелер
- Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
| ||||||||||
| ||||||
- 17 маусымда туғандар
- 1995 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Франция футболшылары
- Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Нанси ФК ойыншылары
- Севилья ФК ойыншылары
- Барселона ФК ойыншылары
- Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары
