Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Хамнет (ағылш. Hamnet) — режиссер Хлоя Чжаоның 2025 жылы жарық көрген тарихи драмалық фильмі. Сценарийі Мэгги О’Фарреллдің 2020 жылы жарық көрген аттас романына

Хамнет (фильм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хамнет
ағылш. Hamnet
Фильмнің постері
Жанры

тарихи драма

Режиссёрі

Хлоя Чжао

Продюсері

Лиза Маршалл
Пиппа Харрис
Сэм Мендес
Стивен Спилберг

Сценарийдің авторы

Хлоя Чжао
Мэгги О’Фаррелл

Басты рөлдерде

Пол Мескал
Джесси Бакли
Эмили Уотсон
Джо Элвин

Операторы

Лукаш Зал

Кинокомпания

Amblin Entertainment
Hera Pictures
Neal Street Productions

Дистрибьютор

Focus Features / Universal Pictures

Ұзақтығы

126 мин

Бюджеті

$30–35 млн

Кассалық түсімі

$107.1 млн

Мемлекет

 АҚШ
 Ұлыбритания

Тілі

ағылшын тілі

Шыққан жылы

2025

IMDb

ID 14905854

Ортаққордағы Хамнет
Сыртқы медиафайлдар
 Трейлер (ағыл.)

Хамнет (ағылш. Hamnet) — режиссер Хлоя Чжаоның 2025 жылы жарық көрген тарихи драмалық фильмі. Сценарийі Мэгги О’Фарреллдің 2020 жылы жарық көрген аттас романына негізделген. Фильмде басты рөлдерді Пол Мескал (Уильям Шекспир) және Джесси Бакли (Агнес Шекспир) сомдайды.

Фильмде әлемдегі ең танымал драматургтердің бірі Уильям Шекспирдің отбасылық өмірі, оның жұбайы Агнеспен қарым-қатынасы және 11 жасында ерте қайтыс болған жалғыз ұлы Хамнеттің өлімі баяндалады. Бұл оқиға кейіннен автордың әйгілі «Гамлет» трагедиясының жазылуына негіз болған.

«Хамнет» фильмінің әлемдік тұсаукесері 2025 жылғы 29 тамызда 52-ші Теллурайд кинофестивалінде өтті. Туынды АҚШ-та 2025 жылғы 5 желтоқсанда, ал Ұлыбританияда 2026 жылғы 9 қаңтарда кең прокатқа шықты.

Киносыншылар фильмді жоғары бағалап, әсіресе Джесси Баклидің актерлік ойынына ерекше тоқталды. Фильм көптеген беделді марапаттарға ие болды. Соның ішінде 83-ші «Алтын глобус» марапаттау рәсімінде «Үздік драмалық фильм» және «Үздік драмалық актриса» (Бакли) марапаттарын жеңіп алды. 98-ші «Оскар» марапаттау рәсімінде фильм сегіз номинацияға, соның ішінде «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» (Чжао) санаттарына ұсынылып, Джесси Бакли «Үздік актриса» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сюжеті

Фильмнің жазбаша алғысөзінде Стратфордта "Хамнет" пен "Гамлет" есімдері бір есім деп саналғаны айтылады.

Фильм оқиғасы 1580-жылдары, Элизабет дәуіріндегі Англияның Стратфорд-апон-Эйвон қаласында өрбиді. Сюжеттің орталығында жас драматург Уильям Шекспир мен оның жұбайы Агнес (Энн) Хатауэйдің махаббат хикаясы және отбасылық өмірі баяндалады.

Агнес — табиғатпен үндес, шөптермен емдеу қасиеті бар, жұмбақ әрі еркін мінезді әйел. Ол Уильяммен танысып, екеуі шаңырақ көтереді. Көп ұзамай Уильям Лондонға барып, театр әлемінде мансап қууды армандайды, ал Агнес балаларымен Стратфордта қалады.

Фильмнің шарықтау шегі — 1596 жылы Шекспирлердің 11 жасар жалғыз ұлы Хамнеттің бубон індетінен (оба) кенеттен қайтыс болуы. Бұл қайғылы оқиға отбасының іргесін шайқалтып, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына ауыр салмақ түсіреді. Агнес ұлынан айырылу қасіретін бастан кешсе, Уильям бұл ішкі күйзелісін шығармашылық арқылы сыртқа шығаруға тырысады.

Фильмнің соңында Хамнеттің өлімі әлемдік әдебиеттің жауһары — «Гамлет» трагедиясының жазылуына қалай түрткі болғаны көрсетіледі. Шекспир пьеса арқылы өз ұлының есімін мәңгілікке қалдырып, өлім мен өмірдің, жоғалту мен сағыныштың терең философиясын бейнелейді.

Рөлдерде

  • Джесси БаклиАгнес Шекспир
    • Фейт Дилейни — жас Агнес
  • Пол Мескал — Уильям Шекспир
  • Джо Элвин — Бартоломью Хатауэй, Агнестиң ағасы
    • Смайли Бредвелл — жас Бартоломью
  • Эмили Уотсон — Мэри Шекспир, Уильямның анасы
  • Дэвид Уилмот — Джон Шекспир, Уильямның әкесі
  • Джейкоби Джуп — Хамнет Шекспир
  • Фрея Ханна-Миллс — Элайза
  • Сэм Вулф — Бернардо
  • Джек Шеллу — Марцелл
  • Оливия Лайнс — Джудит

Марапаттар мен номинациялар

  • Торонто халықаралық кинофестивалі — Үздік фильм үшін көрермендер көзайымы бас жүлдесі
  • Вальядолид халықаралық кинофестивалі — Көрермендер көзайымы жүлдесі
  • Лондон кинофестивалі (BFI) — Үздік фильм үшін көрермендер көзайымы жүлдесі
  • Готэм сыйлығы — 2 номинация: «Үздік фильм», «Үздік басты рөл» (Джесси Бакли)
  • Америка режиссерлер гильдиясының сыйлығы — «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы (Хлоя Чжао)
  • «Critics' Choice» — 1 марапат: «Үздік актриса» (Джесси Бакли); 10 номинация: «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Хлоя Чжао), «Үздік көмекші актер» (Пол Мескал), «Үздік жас актер» (Джейкоби Джуп), «Үздік кастинг және актерлік ансамбль» (Нина Голд), «Үздік бейімделген сценарий» (Хлоя Чжао, Мэгги О’Фаррелл), «Үздік операторлық жұмыс» (Лукаш Зал), «Үздік костюм дизайны» (Малгося Туржанска), «Үздік қоюшы суретші жұмысы» (Фиона Кромби, Элис Фелтон), «Үздік музыка» (Макс Рихтер)
  • «Алтын глобус» — 2 марапат: «Үздік драмалық фильм», «Үздік актриса (драма)» (Джесси Бакли); 4 номинация: «Үздік режиссер» (Хлоя Чжао), «Үздік көмекші актер» (Пол Мескал), «Үздік сценарий» (Хлоя Чжао, Мэгги О’Фаррелл), «Үздік музыка» (Макс Рихтер)
  • Actor Awards — «Үздік актриса» марапаты (Джесси Бакли); 2 номинация: «Үздік актерлік құрам», «Үздік көмекші актер» (Пол Мескал).
  • BAFTA — 2 марапат: «Үздік британдық фильм», «Үздік актриса» (Джесси Бакли); 9 номинация: «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Хлоя Чжао), «Үздік көмекші актер» (Пол Мескал), «Үздік көмекші актриса» (Эмили Уотсон), «Үздік бейімделген сценарий» (Хлоя Чжао, Мэгги О’Фаррелл), «Үздік музыка» (Макс Рихтер), «Үздік костюм дизайны» (Малгозия Турзанска), «Үздік грим мен шаш үлгісі» (Николь Стеффорд), «Үздік қоюшы суретші жұмысы» (Фиона Кромби, Элис Фелтон).
  • «Оскар» — 1 марапат: «Үздік актриса» (Джесси Бакли); 7 номинация: «Үздік фильм» (Лиза Маршалл, Пиппа Харрис, Николас Гонда, Стивен Спилберг және Сэм Мендес), «Үздік режиссер» (Хлоя Чжао), «Үздік бейімделген сценарий» (Хлоя Чжао, Мэгги О’Фаррелл), «Үздік кастинг» (Нина Голд), «Үздік костюм дизайны» (Малгозия Турзанска), «Үздік қоюшы суретші» (Фиона Кромби, Элис Фелтон), «Үздік фильм музыкасы» (Макс Рихтер).
Жоғары