Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жалпы ұзындығы 25 км болатын ұсақ 9 саласы бар. Алабының жоғарғы бөлігіндегі жер бедері тектониктік эрозиялық қырқалардан, жалдар мен жондардан тұрады, төменгі

Қарабұлақ өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарабұлақ өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 49 км
Су алабы Өлеңті өзені
Су ағысы
Бастауы Ерейментаудың тауаралық аңғары
Сағасы Қоржынкөл көлі
  Координаттары 51°37′36″ с. е. 73°21′17″ ш. б. / 51.62667° с. е. 73.35472° ш. б. / 51.62667; 73.35472 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°37′36″ с. е. 73°21′17″ ш. б. / 51.62667° с. е. 73.35472° ш. б. / 51.62667; 73.35472 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы Ерейментау ауданы

Қарабұлақ, Байпақ – Өлеңті алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 49 км.

Бастауы

Бастауын Ерейментаудың тауаралық аңғарынан алып, Қоржынкөл көліне құяды.

Гидрологиясы

Жалпы ұзындығы 25 км болатын ұсақ 9 саласы бар. Алабының жоғарғы бөлігіндегі жер бедері тектониктік эрозиялық қырқалардан, жалдар мен жондардан тұрады, төменгі бөлігі делювийлі-пролювийлі жазық. Түпкі жыныстары кейбір жерлерінде жер бетіне шығып жатыр. Қар суымен толығады. Жер асты суы шығып жатқан жоғарғы бөлігінде ғана ағын суы тұрақты болып тұрады. Жазық бөлігі жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.

Өсімдігі

Қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас сұлыбасты шөптесіндер өскен. Жақын жатқан елді мекендердің жайылымдық жерлерін суландыруға пайдаланады.

Жоғары