Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Құтлұқ Бұқа, шежіреде Өкіреш Ата — 1351-1357 жылдары билік еткен Алтын Орданың беклербегі. 1359 жылы Қырымның билеушісі болды, ол бұл лауазымда Темір Құтлұқты а

Құтлұқ Бұқа (беклербек)

  • Басты бет
  • Құтлұқ Бұқа (беклербек)

Құтлұқ Бұқа, шежіреде Өкіреш Ата — 1351-1357 жылдары билік еткен Алтын Орданың беклербегі. 1359 жылы Қырымның билеушісі болды, ол бұл лауазымда Темір Құтлұқты алмастырған болатын. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген және оның төрт қарашы-бегінің бірі болған. Қызыр ханның бас уәзірі болған. Бүгінгі қазақтардың құрамындағы наймандардың жартысына жуығы Құтлұқ Бұқадан тарайды. Құтлұқ Бұқа наймандардың шежіресінде Өкіреш деген атпен көрсетілген.

Құтлұқ Бұқа
Лауазымы
Алтын Орданың беклербегі
1351 — 1357
(Лақап аты Өкіреш шал)
Ізашары Моғұл Бұқа Қыпшақ
Ізбасары Мамай Қият
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1310 (1310)
Қайтыс болуы 1393 (1393)
Династия Енджлі (Найман)
Балалары Ілияс, Синан, Қаптағай
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Өмірі

Деректерге сәйкес, ол Күшлік ханның ұрпағы болған. Күшлік хан Жебе ноянға қарсы шайқаста қаза болғаннан кейін, оның бір баласын нөкерлері жасырып аман алып қалады. Осы баласынан тараған Күшліктің ұрпағы Құтлұқ Бұқа Алтын Орда мемлекетінде үлкен дәрежеге ие болып, ықпалды бектердің біріне айналады. Наймандардың Енджлі тармағынан тарайды.

Бір деректерде Құтлұқ Бұқаны Көксулардағы шайқасқа қатысқан Құтлұқ бимен шатастырады. Алайда Құтлұқ би сол шайқаста қаза болса, ал Құтлұқ Бұқа содан кейін тағы 30 жыл өмір сүрген.

Жәнібек ханның жақтасы және оның төрт қарашы-бегінің бірі болды. 1347 мен 1358 жылдар аралығында Венеция республикасымен сауданы қадағалап отырған. 1351-1357 жылдары Алтын Орданың ханнан кейінгі ең жоғарғы лауазымы – беклербегі қызметін атқарады. 1357 жылғы Бердібектің Метрополит Алексейге берген жарлығында есімі аталған.

Алтын Орда дәуірінде наймандар Шыбан әулетінің қарамағында болғандықтан, Құтлұқ Бұқа олардың жақтасы болған. 1359-1380 жылдары орын алған Ұлы Дүрбелең (Алтын Ордадағы азаматтық соғыс) дәуірінде белсенділік танытады. Өзбек ханның жесірі Жәнібек ханның анасы Тайдула ханым, Шибан ұрпағы Маңғытайдың ұлы Қызырмен одақтасады. Ал Құтлұқ Бұқа Қызыр оғланның бас уәзірі атанады. Келісім бойынша, Қызыр Тайдуллаға үйленіп, хандық билікті қолына алуы керек еді. Алайда араздық салдарынан Қызыр Тайдулланың ордасын тонап, Тайдулла Қызырды қуып шығады. 92 тайпаның 2 ғана қолдайтын Қызыр қашуға мәжбүр болады. Қызыр мен Тайдулланың араздығына дәл осы Құтлұқ Бұқа себеп болған делінеді. Құтлұқ Бұқа Қызырға Тайдулаға үйленбеуге кеңес береді. Тайдула Бату әулетінің мүддесі үшін күрессе, Құтлұқ Бұқа шибандықтардың мүддесі үшін күресіп, Қызырға қолдау білдіреді. Осы жауластықтың нәтижесінде 1360 жылы Қызыр таққа отырып, Наурыз хан, Тайдула хатұн және оның туысы беклербек Моғұл Бұқа өлтіріледі.

1361 жылы жаңа хан Келдібек Құтлұқ Бұқаны Қырым ұлысының билеушісі етіп тағайындады. 1362 жылы Келдібек хан өлгеннен кейін Құтлұқ Бұқа Қырымдағы билік үшін ұлысбек Қожа Әлібекпен күреседі. Әуелде, Азақ маңына шегініп, 1365 жылы Қожа Әлібекті өлтіргеннен кейін Қырымға басып кіреді. Самар ұлысын басып алған Мамайға да қарсы күрес жүргізеді. Нәтижесінде Қырымдағы ордалықтардың билігі әлсіреп, Феодоро княздігі күшейді, ал генуэздіктер Сугдеяны және Готиядағы жерлерді басып алды. 1365 жылы Құтлұқ Бұқа ұлы Ильясты Литва ұлы князі Ольгердке бірлескен әрекеттер туралы келісу үшін жіберді. 1371 жылы Мамай басып алған Қырым түбегін тастап кетуге мәжбүр болды.

1380 жылы Мамай жеңіліп, қаза тапқаннан кейін, Орданың жаңа ханы Тоқтамыспен бірге Қырымды басып алды. 1381 жылы Құтлұқ Бұқа жаңадан Қырым ұлысбегі болып тағайындалды. Ұлы Ильяс көмекшісі қызметінде Солхатты басқарады.

1385–1386 жылдары Алтын Орда мен Генуя Республикасы арасында Солхат қаласы үшін соғыс болып, генуэздіктер жеңіске жетеді. 1387 жылы Құтлұқ Бұқа Кафа қаласының генуэз консулымен келісім жасасады, келісім бойынша Алтын Орда хандарының бұрынғы келісімдері расталып, генуэздіктерге Сугдея, таулы Готия жерлері қалып, Қырымдағы сауда монополиясы расталады. Осы аралықта Қырымды басқарған Бек-Болат бек Қырымнан қуылып, Тоқтамыс Құтлық-Бұқаны қайтадан ұлысбек етіп қояды.

Соңғы рет Құтлық-Бұқа трихи деректерде 1393 жылы аталады. Бәлкім, сол жылы қайтыс болған. Одан кейін Қырымның жаңа ұлысбегі болып Таш-Темір тағайындалады.

Құтлық-Бұқаның үлкен ұлы Ильяс сол уақытта қайтыс болған болуы мүмкін. Оның екінші ұлы Синан 1393–1395 жылдары Солхат түменінің басшысы болып, Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы тұрды.

«Өкіреш» атауы «үлкен бұқа» деген мағынаны береді. Алып денелі болғанынан болар, Құтлұқ Бұқаға Өкіреш лақап аты жабысып, шежіреде осы атпен қалған.

Құтлұқ Бұқа мен Өкіреш шалдың бір адам екеніне дәлелдер

Тарихшы Жақсылық Сәбитовтың ойынша, шежіре бойынша қазақ наймандарының түпкі атасы – Өкіреш шал – жоғарыда аталған Құтлұқ-Бұқамен бір тұлға. «Өкіреш» сөзі қазақ тілінен аударғанда «мұздаған», «өкірген» деген мағына береді, яғни «бұқа» сөзіне синоним болып табылады. Бұл есімнің құрамындағы екінші бөлігі. Демек, Құтлұқ Бұқа есімі мен Өкіреш атауы мағынасы жағынан үндес келеді. Мұны жанама дәлелдер де растайды. Белгілі қазақ тарихшысы Мұхамеджан Тынышбайұлы (1879 ж. туған) өзінің он алтыншы атасы Төлегетай екенін жазады , ал Төлегетай – Өкіреш шалдың шөбересі. Егер бір ұрпаққа орта есеппен 30 жыл деп есептесек, онда М. Тынышбайұлының он тоғызыншы атасы – Өкіреш шал – шамамен 1310 жылы туған деп санауға болады (570 жыл бұрын). Ал 1351 жылы Құтлұқ Бұқа Жәнібек ханның беклербегі (бас кеңесшісі) болғаны белгілі, бұл – Өкіреш шалдың өмір сүрген уақытымен сәйкес келеді.

Екінші жанама дәлел – Шибан әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның билігінде, оған жақын адамдардың қатарында найман руынан шыққан Өкіреш ұрпақтары болған. Демек, 1428 жылға қарай Өкіреш ұрпақтары найман ішінде бөлек бір руға айналған, бұл оның XV ғасырдан бұрын өмір сүргенін білдіреді. Ал XIV ғасырда найман руының ең белгілі өкілі – бек Құтлұқ Бұқа болған.

Шежіре бойынша, Өкірештің баласы – Қаптағай, ал ол өз кезегінде барлық наймандардың бабасы – Найманның әкесі болған . Біз бұл Қаптағайды орыс жылнамаларында кездесетін, 1370 жылы Тверь князі Михаил Александровичке хан жарлығын (ярлык) жеткізген Қаптағай елшілігінің басшысы ретінде танимыз. Сонымен қатар, Қаптағай есімі – қазақ наймандары үшін ортақ ұран болып табылады .

Ұрпақтары

Найман шежіресіндегі бүкіл Қаптағай, Төлегетай ұрпақтары осы Құтлұқ Бұқадан тікелей тарайды. Құтлұқ Бұқаның немерелері Әбу Бәкр, Сары Осман, Қара Осман, Омар, Тұлын Қожа (Төлегетай) Әбілқайыр ханның бектері болған. Тәуке ханның әскери қолбасшысы болған Алдияр батыр,қазақтың ең әйгілі батырларының бірі Қабанбай батыр, барлығы Құтлұқ Бұқаның тұқымдары. Бүгінгі таңда кемі 500 мыңға жуық, көбі миллиондаған найман руының өкілдері оның ұрпағы болып саналады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Биологиялық тотығу

  • Сәуір 06, 2026

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс

  • Наурыз 21, 2026

    Еуропа одағы

  • Сәуір 04, 2026

    Электр энергиясы

  • Сәуір 06, 2026

    Әлемдік мұра

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары