Талқара – Есіл алабындағы өзен.
| Талқара | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 68 км |
| Су алабының ауданы | 2,3 км² |
| Су алабы | Есіл алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Көкшетау қыраты |
| • Координаттары | 52°15′08″ с. е. 70°40′41″ ш. б. / 52.25222° с. е. 70.67806° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Қалқұтан өзені |
| • Координаттары | 51°47′32″ с. е. 70°08′34″ ш. б. / 51.79222° с. е. 70.14278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′32″ с. е. 70°08′34″ ш. б. / 51.79222° с. е. 70.14278° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы Ақкөл, Шортанды аудандары |
Географиялық орны
Ақмола облысы Ақкөл, Шортанды аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 2,3 мың км². Жылдық су ағыны 29,6 млн. м3.
Бастауы
Көкшетау қыратының оңтүстігіндегі Талқара ауылының солтүстігінен басталып, Ақкөл, Шортанды аудандары жерімен ағып, Қалқұтан өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Су жиналатын алабы сәл жонды-төбелі, қырқалы-шоқылы келген. Орта ағысында бетеге аралас әр түрлі шөптер өскен, төм. ағысындағы жайылмасында сортаңды шөптер басым дала ландшафтысы қалыптасқан. Су жиналатын алабының басым бөлігі жыртылған. Су жиналатын алабының 26%-ын шоқ қарағайлы орман алып жатыр. Аңғарының ені жоғарғы ағысында 2 – 3 км, төменгі бөлігінде 1,0 км. Жайылмасының ені 50 – 300 м. Жазда кейбір жылдары құрғап қалады. Грунт және жауын-шашын суларымен толығады. Суының минералдылығы жаз, қыс айларында 700 – 1000 мг/кг, кермектілігі 6 – 7 мг экв. Негізгі саласы – Степная (ұзындығы 12 км). Талқараға одан басқа шағын екі өзенше құяды. Суы егістік, мал суаруға, ауыз суға жарамды.