| Аудан | |
| Лейлек ауданы | |
| Лейлек району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Раззақов қаласы |
| Әкім | Канимет Осмонбеков |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 116 861 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 66,3 % |
| Ресми тілі | |
|
| |
Лейлек ауданы (қыр. Лейлек району) — Қырғызстанның Баткен облысындағы үш әкімшілік ауданның бірі. Ауданның әкімшілік орталығы — Раззақов қаласы.
Географиясы
Шығысында Баткен облысының Баткен ауданымен, солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде — Тәжікстанмен шектеседі. Қырғызстанның ең батыс ауданы.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы бойынша қырғыздар ауданның 116 861 тұрғынының 77 468 адамын құрайды (немесе 66,3 %), өзбектер — 31 386 адам немесе 26,9 %, тәжіктер — 7 720 адам немесе 6,6 %, татарлар — 126 адам немесе 0,1 %, басқалары — 161 адам немесе 0,1 %.
Елді мекендері
Лейлек ауданы құрамына 9 айылдық (ауылдық) округ (соның ішінде 39 айыл) кіреді:
- Ақсу айылдық округі — Ақсу а. (орталығы)
- Бескент айылдық округі — Бескент а. (орталығы)
- Марғұн айылдық округі — Марғұн а. (орталығы)
- Жаңажер айылдық округі — Центральное а. (орталығы)
- Лейлек айылдық округі — Қорған а. (орталығы)
- Қатраң айылдық округі — Қатраң а. (орталығы)
- Құлынды айылдық округі — Құлынды а.(орталығы)
- Сүмбіле айылдық округі — Андарақ а. (орталығы)
- Тоғызбұлақ айылдық округі — Тоғызбұлақ а.(орталығы)
Сілтемелер
| Бұл — Қырғызстан географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Лейлек ауданы
