| Аудан | |
| Қадамжай ауданы | |
| Кадамжай району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Қадамжай қаласы |
| Әкім | Баяке ұлы Болотқан |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 157 597 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 73,8 % |
| Ресми тілі | |
|
| |
Қадамжай ауданы (қыр. Кадамжай району) — Қырғызстандағы Баткен облысының құрамындағы үш әкімшілік ауданның бірі. Ауданның әкімшілік орталығы — Қадамжай қаласы (2012 жылға дейін әкімшілік орталығы Пульгон ауылы болды). 1992 жылға дейін Фрунзе ауданы деп аталып келді.
Географиясы
Батысында Өзбекстанның Сох ауданы-эксклавымен және Баткен облысының Баткен ауданымен, шығысында және оңтүстігінде — Қырғызстанның Ош облысымен, солтүстігінде — Өзбекстанның Ферғана облысы Ферғана ауданымен шектеседі. Аудан сондай-ақ Өзбекстанның Ферғана облысы Ферғана ауданына қарасты Шахимардан (Ердан немесе Иордан) эксклав-территориясын қоршап жатыр.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша қырғыздар ауданның 157597 тұрғынының 116 312 адамын құрайды (немесе 73,8%) тәжіктер - 19448 адам немесе 12,3%, өзбектер - 19163 адам немесе 12,2%, орыстар - 1239 адам немесе 0,8%, түріктер - 318 адам немесе 0 , 2%, татарлар - 245 адам немесе 0,2%, хемшилдер - 232 адам немесе 0,2% .
Әкімшілік бөлінуі
Қадамжай ауданының құрамына 2 қала мен айылдық (ауылдық) округтер кіреді:
- Қалалар:
- Қадамжай, аудан орталығы (бағынышты ауылдар: Пульгон, Таш-Қия, Чал-Таш)
- Хайдарқан
- Айылдық (ауылдық) округтер:
- Абсамат Масалиев айылдық округі — Қаратөбе (орталығы)
- Ақтұрпақ айылдық округі — Жаңажер (орталығы)
- Алға айылдық округі — Алға а. (орталығы)
- Бірлік айылдық округі — Ормош а. (орталығы)
- Көтерме айылдық округі — Қызыл-Бұлақ а. (орталығы)
- Қырғызқыстақ айылдық округі — Қырғызқыстақ а. (орталығы)
- Майдан айылдық округі — Қаражығач (орталығы)
- Марказ айылдық округі — Марказ а. (орталығы)
- Оразбек айылдық округі — Оразбек а. (орталығы), Охна а.
- Совет айылдық округі — Советский а. (орталығы)
- Үшқорған айылдық округі — Үшқорған а.(орталығы)
- Халмион айылдық округі — Халмион а. (орталығы)
- Чаувай айылдық округі — Чаувай а. (орталығы)
Сілтемелер
| Бұл — Қырғызстан географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Қадамжай ауданы
