| Джеффри Хинтон | |
| ағылш. Geoffrey Hinton | |
| | |
| Туған күні | 6 желтоқсан 1947 (78 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Уимблдон, Мертон, Үлкен Лондон, Англия, Ұлыбритания |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | эксперименттік психология, кибернетика, информатика, жасанды интеллект, терең оқыту |
| Жұмыс орны | Торонто Университеті |
| Альма-матер | Эдинбург университеті (1978) |
| Ғылыми жетекші | Хью Кристофер Лонгет-Хиггинс |
| Марапаттары |
|
Джеффри Хинтон (ағылш. Geoffrey Everest Hinton: 6 желтоқсан 1947) — терең оқытуға айтарлықтай үлес қосқан британдық және канадалық ғалым. 2024 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын (Джон Хопфилдпен бірге) «жасанды нейрондық желілерді пайдаланып машиналық оқытуды қамтамасыз ететін іргелі жаңалықтар мен өнертабыстар» үшін алды. 2026 жылдың қаңтарында ол тарихта 1 миллион дәйексөзге жеткен екінші ғалым (Йошуа Бенджиодан кейін) болды.
Өмірбаяны
Джордж Бульдың шөбересі, ол 1970 жылы Кембридж университетін эксперименталды психология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітіріп, 1978 жылы Эдинбург университетінде жасанды интеллект бойынша PhD дәрежесін алды.
Торонто университетінде информатика кафедрасында профессор болып жұмыс істеді. 2013 жылдың наурызынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Google компаниясының қызметкері болды (корпорация DNNresearch компаниясын сатып алғаннан кейін).
Көп қабатты нейрондық желілерді оқыту үшін кері таралу әдісін қолдануды ұсынған зерттеушілердің бірі болды. Терри Сейновскимен бірге Больцман машинасын ойлап тапты.
Канада Корольдік қоғамының (1996), Лондон Корольдік қоғамының (1998) мүшесі, АҚШ Ұлттық ғылым академияларының (2023) және Инженерлік академиясының (2016) шетелдік мүшесі.
2024 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығын алды.
2024 жылы ол (атаусыз) ғылыми-фантастикалық экшн-технотриллерде өзі рөлін сомдады.
Марапаттар
- 2001 — Румельхарт сыйлығы
- 2005 — IJCAI Award for Research Excellence
- 2010 — Канадалық Герхард Герцберг атындағы алтын медаль
- 2014 — Награда имени Франка Розенблатта
- 2016 — IEEE Maxwell Award
- 2016 — BBVA Foundation Frontiers of Knowledge сыйлығы
- 2018 — Тьюринг сыйлығы (Йошуа Бенджио және Янн Лекунмен бірге)
- 2019 — Honda сыйлығы
- 2021 — Диксон сыйлығы
- 2024 — Физика бойынша Нобель сыйлығы
Сілтемелер
- Джеффри Хинтон Торонто университетінің сайтында
- GoogleTechTalks - Нейрондық желілердің келесі буыны
- Искусственный интеллект и Джеффри Хинтон: отец «глубокого обучения» (орыс.). Hi-News.ru. (7 желтоқсан 2017). Тексерілді, 17 қаңтар 2019.
| ||||||||||
| ||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 6 желтоқсанда туғандар
- 1947 жылы туғандар
- Уимблдонда туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Ағылшын тілінде дереккөзі бар мақалалар (en)
- Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері
- Тьюринг сыйлығының иегерлері
- Нобель сыйлығының иегерлері (Канада)
- Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания)
- Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Физиктер
- Ұлыбритания физиктері
- Канада физиктері